KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 2 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Студенттер өзін-өзі басқаруды үйреніп жүр

27.10.2013, 18:00 98


Семейде ішкі саясат бөлімінің Жастар орталығының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының саяси менеджмент мектебінде студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының отырысы өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталмыш іс-шараға қала жоғары оқу орындары мен колледждерінің жастар ісі жөніндегі мамандары мен студентік өзін-өзі басқару ұйымдарының төрағалары қатысты.

Қатысушыларға Мемлекеттік медицина университеті және М. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің жұмысы таныстырылды. Жастар орталығының директоры Қайсар Еркінбаевтың айтуынша, басқосудың негізгі мақсаты студенттік өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру, бағыт-бағдар беріп, жаңа модель құру болып табылады.

Дөңгелек үстел барысында студенттер мен мамандар тарапынан көптеген ұсыныстар айтылып, әр оқу орны өз тәжірибелерімен бөлісті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив