KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 6 м/с, Ю
443.35 475.54 4.82

Жылу энергиясын үнемдеуге қатысты заң жобасына түзетулер енгізіледі

3.05.2013, 18:00 121


ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі көп пәтерлі үйлерді жылу энергиясын есептейтін құралдармен қамтамасыз етуді міндеттейтін заң жобасына түзетулер енгізбек, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі 24.kz
телеарнасының мәліметіне сілтеме жасап.

Агенттік төрағасы Мұрат Оспановтың айтуынша, жаңа жоба мақұлданатын болса, көп пәтерлі үйлердегі жылу энергиясын есептейтін ортақ құрал орнатылады. Агенттік төрағасының айтуынша, есептегіш құралға кететін шығындар инвестициялық бағдарламалар немесе сараланған тарифтер есебінен алынбақ.



"Көп пәтерлі үйлерді жылу энергиясын есептейтін ортақ құралдармен қамтамасыз ету – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Біз мұндай құралдардың бағасы қымбат екенін ескеріп отырмыз. Сондықтан, оларды субъектілердің есебінен орнатпақпыз. Бұл ұсынысымызды жүзеге асыру үшін тиісті заңнамаға өзгертулер енгізу қажет. Біз оған бастамашы боламыз",- деді ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив