KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
441.58 480 4.86

Семейде балалар көркем студиясының «Ұлы Жеңіс балалар көзімен» атты көрмесі ашылды ( +сурет)

3.05.2013, 18:00 150


Ұлы Жеңіс күні қарсанында Невзоровтар отбасы атындағы өнер мұражайында балалар көркем студиясының «Ұлы Жеңіс балалар көзімен» атты көрмесі ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Дәл осы күні мұражайға карттар үйінің қамқорындағы адамдар, жалғыз басты зейнеткерлерге қызмет көрсету орталығының қарауындағы зейнеткерлер қонаққа келді. Оларға ардагерлер хоры танымал әндерден тұратын концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Қысқа концерттен кейін қонақтар балалар шығармашылығымен танысты.
Семейде  балалар көркем студиясының «Ұлы Жеңіс балалар көзімен» атты көрмесі ашылды ( +сурет)
Бұл көрме жас дарындардың патриоттық көңілдерін ашып, балалардың талантын көрсетті. Көрмеге қатысушылардың әрбіреуі Жеңіс Күні мерекесіне ерекше қарым қатынас білдірді, жақын туыстарының әңгімесі немесе кітаптар мен көркем фильмдер арқылы өз ойларын қағаз немесе кенеп бетінде көрсете білді.

Әр жұмыс өзінше ерекше, бұл әр баланың Ұлы Отан соғысына деген жеке көз-қарасы. Балалар Рейхстагтың құлағанын, әскери техникаларды, өз жақындарына деген мұң күйзелістерді, Қазақстан тұрғындарының фашистерді жайпауда қатысуын бейнелеген. Сонымен қатар, соғыссыз әлемді де ұсынған.
Семейде  балалар көркем студиясының «Ұлы Жеңіс балалар көзімен» атты көрмесі ашылды ( +сурет)

Семейде  балалар көркем студиясының «Ұлы Жеңіс балалар көзімен» атты көрмесі ашылды ( +сурет)

Семейде  балалар көркем студиясының «Ұлы Жеңіс балалар көзімен» атты көрмесі ашылды ( +сурет)

Балалар туындыларының мәтіндері сан қилы – ол мұң, жоғалту қайғысы мен жеңіс қуанышы, батырлық пен жеңімпаздың даңқы. Мысалы, жас суретшілер парақтарында соғыстан қайтқан жалғыз ұлын күтіп тұрған қария ана бейнесін, сақшының ауыр қызметін, ұзаққа бір-бірінен ажыраған ғашықтардың тоғысуын көрсеткен.

Жеңіс Күні – бұл бүкіл халықтық мереке. Көп жылдар бойы соғыс ардагерлерінің балалары, немерелері, шөберелері қаланың бас көшелеріне шығып, шерулерді ұйымдастырып, ардагерлерге тағзым етеді.


А.Кирсанов

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив