KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 1 м/с, С
441.8 480.02 4.88

Үлкен Нарында ҰБТ қарсаңында оқушыларды психологиялық қолдау мақсатында тренинг өткізілді

2.05.2013, 18:00 122


Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық лицейінде қазақ-түрік лицейінің оқытушысы Еркін Әміре ҰБТ қарсаңында оқушыларды психологиялық қолдау мақсатында тренинг өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

2012-2013 оқу жылы Үлкен Нарын ауылдық лицейі мен Өскемендегі қазақ-түрік лицейі серіктестік қызмет ету жөнінде меморандум жасасқан.

Соған сәйкес ауылдың мұғалімдері өскемендік әріптестерімен бірлесіп, ҰБТ-ға әзірлік, түлектер мен олардың ата-аналарын күрделі сынға психологиялық тұрғыдан дайындау, балалардың мамандық таңдауда дұрыс шешімге келуіне ықпал ету мақсатында іс-шаралар өткерді.

Онда қазақ-түрік лицейінің директоры Әлімжан Игенбаев ата-аналармен арнайы лекция өткізіп, бала тәрбиесінің баршаға ортақ, оған салғырттықпен қарауға болмайтынына тоқталды.

Ал осы білім ордасының оқытушысы Еркін Әміре ҰБТ қарсаңында оқушыларды психологиялық қолдау мақсатында тренинг өткізді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив