KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

ШҚО Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері лейкемияға ұшыраған балаларға жәрдемдесу мақсатында қан тапсырды

29.04.2013, 18:00 101


ШҚО Қылмыстық-атқару жүйесінің департаменті лейкемия сырқатымен ауыратын баларға жәрдемдесу мақсатында «Донор Күні» қайрымдылық акциясына қатысты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілі Еркін Қасымовтың айтуынша, мұндай акция ағымдағы жылы алғаш рет өткізіліп тұр.

ШҚО Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері лейкемияға ұшыраған балаларға жәрдемдесу мақсатында қан тапсырдыАкция өткізілетіні туралы мәлімет барлық түзеу мекемелерінің жеке құрамына алдын –ала жеткізіліп, нәтижелі түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық атқару жүйесінің жүзге жуық қызметкері -з еріктерімен қандарын тапсырды.

Игілікті іске облыстық пенитенциарлық жүйесінің басшылығы бастаушы болды.

Қол астында қызмет ететіндерге үлгі болып, қан тапсыру үшін ем жасайтын бөлмеге ШҚО Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Талғат Молдажанов бірінші болып кірді.

Л. Уалканова




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив