Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидалары өзгерді
Бас бостандығынан айыру мекемелеріне жазасын өтеп жатқан тұтқындарға берілетін сәлем-сауқаттардың салмағы көбейтілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Сәйкес бұйрыққа Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаев қол қойды.
-Министрдің 2019 жылғы 13 қыркүйектегі «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерту енгізу жөніндегі» бұйрығына сәйкес, тұтқындарға берілетін сәлем-сауқаттардың салмағы 14 келіден 20 келіге өзгертілді, - деп хабарлайды ведомство.
Сондай-ақ, тұтқындардың телефонмен сөйлесу уақыты да ұзартылып отыр – 9.00-ден 21.00-ге дейін. Бұған дейін телефонмен сөйлесу уақыты 18.00-ге дейін болатын.