KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
487.42 531.39 5.04

Қазақстанға шетелдің ескі көліктерін кіргізуге рұхсат жоқ

25.04.2013, 18:00 139


Биылғы 1-шілдеден бастап елімізге шетелдің ескі көліктері кіргізілмейді. Сырттан әкелінетін мәшиненің «дүниеге келген» уақыты 2005 жылдан төмен болмауы шарт, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл шара елдегі экологиялық ахуалды жақсарту үшін «Еуро-4» стандарттарын енгізумен байланысты.

Енді осы жаздан бастап 8 жыл бұрын пайдаланылуға берілген шетелдік автокөліктерді елге кіргізуге және тіркеуге тыйым салынады.

Ал Қазақстанда өндірілетін автокөліктер үшін «Еуро-4» талаптары 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қойылады.

АҚШ-тан 2006 жылдан, ал Жапониядан 2010 жылдан бұрын құрастырылған мәшинелерді ел аумағына енгізуге тыйым салынады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив