KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 3,7 м/с, З
439.4 473.54 4.76

ШҚО әкімі Риддерде мәдениет қызметкерлерін марапаттады

25.04.2013, 18:00 141


Бүгін ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев Риддер қаласында шығармашылық интеллигенция өкілдерімен кездесіп, мәдениет қызметкерлеріне ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісін және «Мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін» сыйлығын тапсырды , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

ШҚО әкімі Риддерде мәдениет қызметкерлерін марапаттадыАймақ басшысының қолынан марапат алғандардың қатарында Зайсан ауданының «Айнамкөл» ән және би ансамблінің мүшесі,композитор Мұрат Далабаев, Мұқан Төлебаева атындағы Семей училищесінің оқытушылары Юрий Аш, Наталья Кавретска, Талғат Сапанов, Валерий Толганбаев, Күләнда Тоқсанбаева бар.

Сондай-ақ Өскемен қаласындағы Қазақ зағиптар қоғамының клуб меңгерушісі Геннадий Кузьмин, Семей қаласындағы облыстық филармонияның әншісі Гүлдана Ноғайбаеваның еңбектері еленді.

Сонымен қатар Г.Ноғайбаева облыс әкімінің «Мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін» сыйлығын «Музыка ісі» аталымында иеленді.

Облыс әкімінің сыйлығына «Театр ісі» аталымы бойынша Абай атындағы облыстық театрдың әртістері Болат Ноғайбаев пен Андрей Глушков,

«Кітапхана ісі» аталымында – облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының директоры Күлзада Карчалова мен Алмагүл Жүнісова,

«Мұражай ісі» номинациясында Ф.Достоевский атындағы облыстық әдеби-мемориалды мұражайдың бөлім меңгерушісі Ирина Соловьева мен облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлім меңгерушісі Ғалия Кәрімбаева лайық деп танылды.

«Бейнелей өнері» - Зырян аудандық мәдениет сарайының «Искусство» студиясының жетекшісі Виктор Сачков, в номинации «Хореография ісі» - «Жайна» Күршім ұлттық билер ансамблінің жетекшісі Сали Наукенов пен өскемендік «Экстези» би тобының жетекшісі Максим Качесов,

«Музыка ісі» - Өскемен қаласындағы №1 балалар музыка мектебінің оқытушысы Евгения Ложкина, «Клуб ісі» - аудандық халықтың мәдени және демалыс орталығының әдіскері Бақытгүл Қожағұмаров,

« Әдебиет ісі» - «Абай» журналының бас редакторы Мұратбек Оспанов, «Халықтық шығармашылықты насихаттау» - Жарма ауданындағы «Кәусар» халықтық аспаптар оркестрінің дирижері Арайлым Ахмеджанова.

Абай атындағы облыстық театрдың орыс труппасының әртісі Федор Любецкий осы салаға сіңірген еңбегі мен көп жылғы қызметі үшін Грамотамен марапатталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив