KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
441.8 480.02 4.88

Парасатты жастар демалыс базасын жасыл желекпен көмкерді

25.04.2013, 18:00 173


Шығыс Қазақстанда қоршаған ортаны қорғауды мұрат еткен экологиялық акция өткізілді. Оған студенттер мен оқушылар, қоғамдық бірлестіктер өкілдері және басқа да белсенділер қатысты , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Көгілдір көл» демалыс базасында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен «Парасатты жастар Лигасы» қоғамдық бірлестігі «Жасыл жапырақ» республикалық акциясын ұйымдастырды.

Акция аясында жастар 100 көшет отырғызды, оның ішінде шырша, алма, самырсын, мойыл ағаштарының шыбықтары бар.

Бұл акция алғаш рет республикамызда 2011 жылы 23 сәуір күні өз бастауын бір уақытта көшет отырғызумен бастаған болатын.

Содан бері үшінші жыл қатарынан әр көктем сайын ұйымдастырылып келеді.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив