KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 1 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

Шығыс Қазақстанға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев келді

24.04.2013, 18:00 265


Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді.

Курчатов қаласында бірінші вице-премьер «Моноқалалар және даму жолдары» атты халықаралық форумның жұмысына қатысты. Форумға Қазақстанның барлық моноқалаларының әкімдері, сонымен қатар шетелдік қонақтар, оның ішінде Германиядағы Ляйнефельд моноқаласының мэрі, сондай-ақ Ресейдің Бийск, Дубна және ҚХР Тарбағатай округі Шыңжаң-Ұйғыр автономдық аймағы моноқалаларының әкімшілігі өкілдері жиналды.
Шығыс Қазақстанға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев келді
Бақытжан Сағынтаев қазақстандық моноқалалар әкімдеріне жергілікті билік органдарының басты назарын талап ететін бірқатар тапсырмалар қойды. Олар: моноқалалардағы инвестициялық жобаларды іске асыру, моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту, экономиканы диверсификациялау, сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту.

Бірінші вице-премьер моноқалалардағы бизнестің дамуын ынталандыру мақсатында мемлекеттік қолдаудың маңызды қосымша шаралары қарастырылғанын атап өтті. Ағымдағы жылы моноқалаларды дамытуға барлығы 20 млрд.теңге қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары моноқалаларды дамыту мәслелелері Үкімет тарапынан тұрақты түрде қатаң бақылауда болатынын атап өтті. Моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асырудың бастапқы «пилоттық» кезеңі аяқталуда, өңірлер жасалған жұмыстар бойынша нақты нәтижелер беруі қажет.

Сонымен қатар Курчатов қаласында бірінші вице-премьер «Ядролық технологиялар паркі» АҚ радиациялық технологиялары мен радиациялық зарарсыздандыру кешендерін қарап шықты. Одан басқа, Бақытжан Сағынтаев материалдарды жүйелі зерттеу кешендерін жүргізетін бiрегей стендтік базалық орталық ретінде қызмет ететін «Токамак КТМ» термоядролық материалтану реакторының кешені қызметімен танысты. Зерттеулерден алынған нәтижелер атомдық энергетикада бейбіт атом қондырғыларын орнату өндірісі үшін және тағы басқа ғылыми өндірістерде қолданылады. Аталған бағытта қазақстандық мамандар Ресей Федерациясы, Италия және Жапониямен ынтымақтасуда.

Одан кейін бірінші вице-премьер «Ульба-Фтор-Комплекс» байыту фабрикасына барып шықты, онда минералды флюоритивті шикізаттарды өңдеу жұмыстарының барысымен танысты.

Одан әрі Бақытжан Сағынтаев «Балапан көлігі» компаниясы» ЖШС-тың локомотивті жөндеу депосы жұмысымен танысты, онда «ТЭМ – 2» сериялық тепловоздарды күрделі жөндеуге арналған жөндеу депосының құрылысы жүргізілуде.

Одан басқа, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесіп, олармен елдегі зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту мәселелерін талқылады.

Сол күні бірінші вице-премьер «Тәжірибелі алаң», сонымен қатар «Байкал-1» зерттеу реакторлары кешенінің ядролық отынды ұзаққа сақтау алаңдарын әуеде тікұшақпен бақылап шықты.

Семей қаласында Бақытжан Сағынтаев «Агрофирма Приречное» ЖШС мал өсіру кешенінің құрылысы барысымен танысты, онда сонымен қатар ауыл шаруашылық өнімін сақтау және өңдеу кешенін қарап шықты. Мұнда бірінші вице-премьер агроқұрастыру басшыларымен кездесу өткізіп, өңірдің тұрақтану қоры жұмысы туралы есепті тыңдады.
Одан басқа, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары «СемАЗ» ЖШС автобустар, тракторлар, автокөліктерді жинақтау жұмысы барысымен танысты, сонымен қатар, пластиктен жасалатын терезелер, ағаштан жасалатын бұйымдар және мақта-матадан жасалатын жұмыскерлердің биялайларын өндірумен айналысатын «Технология комфорта» ЖШС қарап шықты. Зауыттың өнімдері еліміздің барлық өңірлеріне, сонымен қатар Ресейдің Сібір өңірлеріне жеткізіледі.


Мәлімет көзі: ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив