KZ
Өскемен
-7°
туман жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Шығыс Қазақстанда биыл тұңғыш рет нан фестивалі өтеді

21.04.2013, 18:00 250


Шығыс Қазақстанда биыл тұңғыш рет нан фестивалі өтеді. Аталмыш фестиваль аймақтағы нан өндіруші кәсіпорындар өнімінің сапасын арттырып, оны өңірімізден тыс жерлерге шығаруға, кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге өзіндік ықпал етуге тиіс, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жайында облыс әкімінің орынбасары Ермек Көшербаев чехиялық компаниялардың өкілдерімен кездесу барысында мәлім етті.

Бүгінгі күні елімізде кәсіпкерлікті өркендетуге, соның ішінде нан өнімдері өнеркәсібін дамытуға орай түрлі қолдаулар көрсетіліп, қаржылай көмектер де жасалып жатыр. Аталған саланы қолдау бағытында биыл біздің облыста ең алғаш рет нан фестивалі өтпек. Ермек Көшербаев бұл бастаманы облыстың нан өндірушілері түгелдей қолдап отырғандарын атап көрсетті.

Жанаргүл Мұқатай

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив