KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Чехиялықтар нан өндірудің озық технологиясымен таныстырды

21.04.2013, 18:00 186


Шығыс Қазақстан облысына еліміздегі Чехия Республикасы елшілігінің кеңесшісі Франтишек Троячек бастаған чехиялық компаниялардың өкілдері келді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Чехия елі мен біздің облыстың нан өндірісі өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық байланысты арттыруды мақсат еткен кездесу барысында шетелдік қонақтар нан өндірумен айналысып жатқан өңір кәсіпкерлерін нан өнімдерін шығаратын құрал-жабдықтар түрінен бастап, өнімдерді өндіру технологиясына дейінгі соңғы жаңалықтарымен таныстырып шықты.

"Сіздердің озық технологияларыңызды өзімізде пайдаланып, нан өндірісі саласында заманауи өндіріс құрал-жабдықтарын қолдансақ деген ниеттеміз. Осы орайда сіздер жақтың іс-тәжірибесіне көңіл аударып, қызығушылық танытып отырмыз. Өнімдерді елімізден тысқары жерлерге шығару үшін біріккен кәсіпорындар құру бойынша сіздерден ұсыныстар күтеміз" деді Чехия делегациясымен болған дөңгелек үстелде облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев.

Қазақстандағы Чехия Республикасы елшілігінің кеңесшісі Франтишек Троячек та чехиялық өндірушілердің біздің елмен ынтымақтастықты арттыруға мүдделі екендігін жеткізді.

Аудан орталықтары мен Семей, Курчатов, Зырян қалаларынан келген нан өндірушілер Чехияның «МОРОS», «TOPOS», «Agros Almaty», «j4» сияқты нан өндірісі жабдықтарын шығаратын, нан өнімдерін өндіретін компаниялары өкілдерінің өз өндірістері жайында баяндаған ақпараттары мен көрсеткен слайдтары арқылы кәсіпорындар жұмысымен танысты.

Облыс кәсіпкерлерімен кездесуден соң Чехиядан келген делегация қаладағы «Ақсай» нан өнімдері комбинатының «Ақсай-нан-Өскемен» филиалында, «Каравай» ЖШС-де болды.

Жанаргүл Мұқатай

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив