KZ
Өскемен
+33°
ясно жел 1 м/с, С
467.29 501.03 5.35

Чехиялықтар қоршаған ортаны қорғауға қолдау көрсетеді

21.10.2012, 18:00 113


Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ біздің өңірге Чехия Республикасындағы Плзень өлкесі губернаторының кеңесшісі, қоршаған ортаны қорғау секциясының директоры Петр Смутны бастап келген делегацияны қабылдады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мұның алдында ғана облыс Әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев осы делегациямен кездескен болатын.

– Сіздің өлкеңізбен тығыз ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқымыз келеді, өйткені, көптеген салада өзара ұқсастық бар. Алдымен әріптестік жөнінде екіжақты келісімге қол қойылғаннан кейін барып, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, туризм, көлік құрылымы, білім беру және басқа да салаларда жұмысымызды бастасақ деген ойдамын. Прагада екі мемлекет басшысының қатысуымен ынтымақтастық жөнінде келісімшартқа қол қойылады. Біз осы келісімшарт негізінде жұмыс істейтін боламыз, – деді аймақ басшысы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасу барысында.

Кездесуде мәртебелі меймандарға облысымыздың табиғи ерекшеліктері туралы айтылды. Олар біздің өңірдің ну орманы, асқар таулары мен өзен-көлдері, жалпы жер жағдайы жыл бойы туризмнің барлық түрін дамытуға аса қолайлы екенін де осы отырыста білді. Сондай-ақ спортқа байланысты өрбіген әңгімеде Қазақстан хоккейінің отаны Өскемен қаласы екені, оның түлектері Астанадағы «Барыс» командасының құрамында ойнап жүргені де сөз болды.

– Облыста әртүрлі өнеркәсіп өнімдері молынан өнді-ріледі екен. Біздің өлкеде де көптеген кәсіпорын бар. Осыған орай дайын өнімдеріңізді алсақ, өзіміздікін сіздерге ұсынсақ деген ойдамыз. Өскеменде ірі кәсіпорындарды аралап, ондағы қуатты технологияларды көрдік. Бұрынырақта облыста қандай өнімдер өндірілетінін білмеген болсақ, енді міне, бағалы металдар мен ғарышқа қажетті жабдықтар өндірісінде, басқа да кәсіпорындарда болып танысып шықтық, – деді Петр Смутны. Ол қоршаған ортаны қорғау проблемасын бірлесіп шешу бағытындағы өз ұсынысын білдірді.

Биыл бірінші жартыжылдықта біздің облыстың Чехиямен тауар айналымы 1,8 миллион АҚШ долларын құрады. Чехияға негізінен құбыр тарту жабдықтары жіберіледі.

«Шкода» автомобилін құрастырып шығарып жатқан «Азия Авто» акционерлік қоғамы Чехиямен өзара байланыс-ты нығайта түсуде. Биыл жазда Өскеменде Қазақстан мен Чехияның экономика, өнеркәсіп және ғылыми-техникалық ынтымақтастық байланыстар жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының алтыншы мәжілісі болды. Бұл мәжіліс Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары Бақытжан Жақсалиев пен Чехия Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Милан Геворкидің төрағалығымен өткен еді. Онда біздің облыстан өнеркәсіп саласы мен ауыл шаруа-шылығын инновациялық дамыту мәселелері көтерілген болатын. Сондай-ақ «Азия Авто» акционерлік қоғамы базасында құрастырылып шығарылатын «Шкода» автомобилінің модельдік қатарын ұлғайту туралы мәселе қаралған.

Бұдан бір жыл бұрын Өскеменде облыс басшысы еліміздегі Чехия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Б.Копецкимен кездесіп, Плзень өлкесі-мен екіжақты ынтымақтастық қатынастардың келешегін талқылаған болатын. Соның нәтижесінде «Қазцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығымен келіссөз жүргізілді.

Өзара байланыстарды нығайту үшін Прагадағы екі мемлекет басшыларының кездесуі аясында біздің об-лыстың делегациясын облыс Әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев бастап барып, Шығыс Қазақстан облысы мен Плзень өлкесінің өзара іс-қимыл бағытындағы меморандумға қол қоюы жоспарланған. Сонымен қатар «Ромат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «ФАВЕА ЕУРОП» компаниясы және С.Аманжолов атындағы Шысыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Карлов уни-верситеті арасындағы келісімге қол қойылатын болады.

– Біз сіздермен Прагада немесе осында тағы да кездесерміз, – деген облыс басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағытына арқау болған кездесуді қорытындылады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив