KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
450.79 482.21 5.05

Семейлік студенттердің «Қаракөз» драма үйірмесі Алматыда өнер көрсетпек

21.04.2013, 18:00 120


Семей педагогика институтының «Қаракөз» атты драма үйірмесі гастрольдік сапармен ұлылар елі - Абай ауданында өнер көрсетті. Үйірме өнерпаздары қарауылдықтар назарына халқымыздың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың «Қош, махаббат!» шығармасы бойынша жасалған драмалық қойылымды ұсынды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Осыдан біраз бұрын дарынды студент жастардың қабілетін ұштау мақсатында Семей педагогика институтының жанынан студенттер филармониясы құрылған болатын. Филармония құрамында «Қаракөз» атты драма үйірмесі жұмыс істеп келеді.

Жуырда драма үйірмесінің өнерпаздары институттың проректоры Е.Есенжоловтың бастауымен ұлылар елінде болып, қарауылдықтар назарына халқымыздың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың «Қош, махаббат!» шығармасы бойынша жасалған драмалық қойылымды ұсынды.

Студент жастар аталған туындыдағы уәдеге берік Бағдат, тұрақсыздау Бану, екі жасты жарастыруға жанын салған Айбар, адалдықты ту еткен Айша, сабырлы ана бейнелерін келістіре сомдады. Қойылым соңында драма үйірмесінің талапты жастарына аудан әкімінің алғыс хаты табыс етілді.

Студент жастардың өнер сапары енді Алматы қаласында жалғасатын болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив