KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 6 м/с, С
443.72 482.28 4.9

«Жас ұландықтардың» тамаша істері басқаларға үлгі боларлық

21.04.2013, 18:00 190


Өскемен қаласындағы № 16 орта мектебінде «Жас ұлан» белсенділер комитеті «Ардагерлер қасымызда» акциясының аясында Саратов көшесінде тұратын Жұман мен Сарып Нұртазиевтерді өз қамқорлықтарына алған болатын, деп хабарлайды Altaynews.kz
тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сүйеніп.

«Жас ұландықтардың» тамаша істері басқаларға үлгі боларлықОқушылар қыста зейнеткерлердің ауласын, үйдің төбесін қардан аршып берсе, көктем шыға үйдің маңын қоқырдан тазалауға бел буыпты.

«Жастар дер кезінде көмекке келді. Қақпаны қағып тұрған кім десек, құрал-саймандарын артып келіп тұрған өзіміздің балалар екен. Бізді ұмытпай, тағы да көмек қолын созған жас өспірімдерге өте ризамыз» дейді Жұман аға.

9 «м» сыныбының оқушылары бір сағатқа толар-толмас уақытта ауланы айнадай етіп тазалап тастады.
«Жас ұландықтардың» тамаша істері басқаларға үлгі боларлық
Ал Сарып апай болса дастарханын жайып, оқушылар мен мұғалімдерді ыстық бауырсақ пен шәйға шақырды. .

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив