KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
475.39 513.37 5.4

Семейде екі жас қыз көлік астына түсіп қалды

21.04.2013, 18:00 153


Семей қаласында кеше 15-16 жастағы екі жасөспірім қызды жеңіл автокөлік қағып кетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық жол полициясының баспасөз қызметі хабарлағандай, шаһардың Сәтбаев көшесі бойында ВАЗ-21099 көлігінің жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Бастарынан және басқа да көптеген жарақат алған екі зардап шегуші де ауруханаға жеткізілді.

Дәл осы күні облыс орталығында Орджоникидзе көшесімен келе жатқан ВАЗ-2110 көлігінің жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, жол бойындағы ағашқа соғылған. Оқиға орнынан 43 жастағы әйел мен 34 жастағы ер адам ауыр жарақаттармен жан сақтау бөліміне түсті.

Қазір осы бақытсыз жағдай егжей-тегжейлі тексеріліп жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив