KZ
Өскемен
ясно жел 1,4 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Аймақта моноқалаларды дамытудың маңызы зор

18.04.2013, 18:00 201


Экономиканы әртараптандыру мақсатында моноқалаларды дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған жоспарларына сәйкес Шығыс Қазақстанда 6 жобаны, соның ішінде Курчатов, Риддер және Серебрянка қалаларында 1 жобадан, Зырян қаласында 3 жобаны іске асыру қарастырылған, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Елена Ясинская облыс әкімдігінің селекторлық режимдегі кеңейтілген мәжілісінде баяндады.

Баяндамашының айтуынша, келешегі бар бағыттарды қолға алып жатқан моноқалалармен жоспарлы түрде жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірақ кемшіліктер де жоқ емес. Айта кететін болсақ, бірнеше көрсеткіштер бойынша Курчатов және Серебрянка қалалары артта қалып келе жатыр.

Бүгінде Риддер қаласында құрылыс материалдарының өндірісін ұйымдастыру мақсатында «Восток-
энергоиндустрия» ЖШС үгітіп-сұрыптау және бетон еріткіш жабдықтарын сатып алған. Жобаны іске асыра бастағаннан-ақ 73 млн.теңге игеріліп отыр. Сонымен қатар осы бағытта құм-қиыршық қоспасын өндіруге, жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар жасалған. Ал «Магма Вест» ЖШС алтын және күміс өндіру және техногенді шикізатты қайта өндеу фабрикасын салуды қолға алды. Қазір жоба бойынша жер телімі, электр желісі, автомобиль жолы және теміржол өткелі ресімделген. Геологиялық барлау жұмыстары аяқталып. 450,0 млн. теңге инвестиция игерілді. Мұнда 2013 жылы қуаты сағатына 20 тонна шикізат өндіретін екі шағын фабрика салу жоспарланған. Басқарма бастығы өз сөзінде су электр станцияларын салу мәселелерін де тілге тиек етті. Баяндамашы Курчатов қаласындағы ядролық технологиялар паркі жанында құрылған бизнес-инкубатор қызметіне де тоқталып өтті. Онда шағын бизнес бойынша 7 кәсіпорын орналасқан. Орталықтағы кәсіпкерлерге сервистік-консалтингтік қызметтер көрсетіледі.

Басқарма бастығының мәліметіне сүйенсек, моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту аясында нысаналы трансферттер есебінен республикалық және жергілікті бюджеттен ағымдағы жылы жалпы сомасы 2176,1 млн. теңгеге, соның ішінде республикалық бюджеттен 2032,9 млн. теңгеге және облыстық бюджеттен 143,8 млн. теңгеге тұрғын үй құрылысы, сумен қамту, жылумен қамту желілерін, жарықтандыруды, қала көшелерінің жол жабындысын қайта жаңғырту және ағымдағы жөндеу, бұзылған ғимараттарды пайдаға асыру, аулалық аумақтарды абаттандыру бойынша 23 жобаны іске асыру жоспарланған.

«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы аясында жобаларды қаржыландыру нысаналы трансферттер бойынша қол қойылған келісімдерге сәйкес ағымдағы жылдың мамыр айында басталады. Соған қарамастан Риддер қаласында әлі күнге дейін кварталішілік инженерлік желілер құрылысы бойынша жобаға, Курчатов қаласында нөсерлік кәрізді ұйымдастыруға, қалалық жолдарды қайта жаңғыртуға арналған мемлекеттік сараптама жоқ. Осы орайда, Курчатов қаласы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жарияланған жоқ, – деді Елена Ясинская.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қала әкімдеріне моноқалаларды дамыту оны тек гүлдендіріп, абаттандыру ғана емес екендігін, әлеуметтік жобаларды, оның ішінде жұмыспен қамту бағдарламаларын жүзеге асыруға күш салу керектігін тапсырды.

Дарын Нұрсапаров
Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив