KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 7 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Тұрғындар күніне 30 тонна сүт тапсырады

7.10.2013, 18:00 223


Ұлан ауданының агроөнеркәсіп кешенінде инфрақұрылымдарды қазіргі талапқа сай дамыту және озық технологияларды енгізу арқылы өңдеу өнеркәсібі өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ауданда сүт өндіру өткен жылдың деңгейінде сақталған. Бүгінгі таңда сегіз тауарлы сүт фермасы жұмыс істеп тұр. Бұлардың барлығы да «Багратион Ұлан», «Шығыс Сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне сүт тапсыруда. Аудандағы 34 елді мекенде арнаулы пункттер ұйымдастырылып, жергілікті тұрғындар күніне 30 тонна сүт әкеліп беруде.

Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өндірілген сүт өнімдерінің көлемі «Багратион Ұлан» ЖШС-де 102,3 пайызға, «Шығыс Сүт» ЖШС-де 102,8 пайызға өсті.

– «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында «Багратион Ұлан» ЖШС-і сүт өңдейтін жабдықтарын жаңалау үшін 8,8 млн. теңге несие алды. «Багратион» шаруа қожалығы Привольное ауылында 800 бас ірі қара малға лайықталған жобалық құны 326,9 млн. теңге тұратын тауарлы сүт фермасын өз қаражатына салып жатыр, – дейді Ұлан ауданы кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы Амангелді Серғазин.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив