KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Астық қоймаларын қамдап алды

12.10.2013, 18:00 139


Ұлан ауданында жалпы көлемі 7600 тонна көкөніс өнімдері мен картоп сақтайтын сегіз қойма жұмыс істейді. 2011 жылы «Екімбаев» шаруа қожалығы бес мың тонналық қойма салып, пайдалануға берді. Енді бұл шаруашылық ұжымы сыйымдылығы бір мың тонна болатын тағы бір көкөніс қоймасын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, ауданда жалпы көлемі 84,1 мың тонна болатын астық сақ-тайтын 32 қойма пайдалануға беріл-ген. «Багратион-2», «Багратион» және «Калантаев» шаруа қожалықтарының қоймаларының әрқайсысында он мың тоннадан жаңа өнімдерді сақтауға болады. Ал Каменка ауылдық округінде «Қозыбаева» шаруа қожалығы салып жатқан 6,6 мың тонналық астық қоймасын бітіруге таяп қалды.

– Облыс орталығына жақын ор-наласқан шаруа қожалықтары қала тұрғындарын қыста да дәрумені мол өнімдермен қамтамасыз ету үшін көкөністері мен картоптарын қоймаларға сақтауға өткізіп жатыр, – дейді Ұлан ауданы кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы Амангелді Серғазин.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі:Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив