KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Қазақтың ақбас сиырын көбейтіп жатыр

1.09.2013, 18:00 173


Ұлан ауданы Ақши телімінде қоныстанған «Айтқазин» шаруа қожалығы қазақтың ақбас сиырын өсірумен айналыса бастады. Осы өңірдегі «Багратион» шаруа қожалығынан асыл тұқымды бұқалар әкелінді , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Василий Айтқазин Аягөз ауданынан 300 бас қылшық жүнді қазақтың құйрықты қойын сатып әкеліп, шаруа қожалығын құрған болатын. Қожалыққа байыс тұқымды және қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойларын бес-алты жылдың ішінде өз төлі есебінен өсіріп, санын көбейткеннен кейін, асыл тұқымды шаруашылық мәртебесі берілді.

Бұл күндері шаруашылықтағы ірі қара малы, жылқы, қой жылдан-жылға мыңғырып келеді. Қожалық иесі таяу арада асыл тұқымды сиыр санын бір мыңға дейін жеткізуді межелеп отыр. Мал қораларын өз қаражатына салып алды. 30 шақты адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Науқандық жұмыстар кезінде тағы 20 шақты адам көмекке тартылады.

Жыл сайын саудаға жүз тоннаға таяу ірі қара мен қой етін шығаруда. Етті Өскемендегі базарларда келісімшарт бойынша саудалауда. Сонымен бірге, аудан және облыс орталығында ұйымдастырылған жәрмеңкелерге апарып өткізуде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив