KZ
Өскемен
+5°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
488.45 529.19 5.04

ШҚО прокуратурасы мемлекеттік органдарға сыйлық тағайындады

7.04.2013, 18:00 202


ШҚО прокуратурасы мемлекеттік органдарға сыйлық тағайындады. Сиырқұйымшақтыққа салынып, кәсіпкерлерге уақытында қолдау танытпаған мекемеге жыл аяғында "Атамекен" одағының алтын жалатылған «Тежеуіш қалыбы» тапсырылады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне жүгініп.

Өткен аптада облыстық прокуратура «Заң және кәсіпкер» акциясын өткізді. Шара аясында бизнесмендер бақылаушы органдардың, кәсіпкерлікпен байланысты барлық мемлекеттік мекемелердің өкілдерімен кездесті. Өскемен қаласындағы ірі сауда орындарында прокура қызметкерлері тұтынушылармен жүздесіп, олардың арыз-шағымдарына құлақ түрген болатын.

Акцияның қорытындысы бүгін шығарылады. Қазірдің өзінде бұл шараның ай сайын өткізіліп тұратыны белгілі.
Прокуратура мамандарының айтуынша, жыл соңында кәсіпкерлерге ең көп кедергі келтірген мекеме «Тежеуіш қалыбымен» марапатталады.
Тараз қаласында осындай алғашқы сыйлық өз иесін ақпан айында тауыпты. Бизнеске көп кедергі жасаған органды кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізу, прокурорлық тексерулердің қорытындысы мен сот шешімдері арқылы анықтапты. Жамбыл облысындағы ең тежегіш орган ветеринарлық инспекция болып шықты.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив