KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Семей шаһарын қыстан кейінгі қоқыстан тазарту мақсатында санитарлық екі айлық жарияланды

7.04.2013, 18:00 91


Семей шаһарын қыстан кейінгі қоқыстан тазарту мақсатында санитарлық екі айлық жарияланды. Сонымен қатар сенбіліктердің күшімен де қала көшелерін кір-қоқыстан арылту көзделіп отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қала әкімінің орынбасары Дмитрий Гариковтың айтуынша, тазалық жұмыстарына мемлекеттік қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар, барлық семейліктер жұмылдырылады.

Жұмыстардың жоспарлы әрі сапалы жүруін әдеттегідей құқық қорғау органдары, санитарлық қызмет және әкімдіктің өкілдері қадағалайтын болады. Олар шаһардың ең лас аудандарын анықтап, сол жерді тазалау жөнінде тапсырма береді. Егер қоқыс уақытында жиналмаса, тәртіп бұзушыларға айыппұл салынады.

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Бағдат Шегедеков осы уақытқа дейін ірі кәсіпорындар мен заңды тұлғаларға 800 мың теңгенің айыбы салынғанын айтады.

Санитарлық екі айлық кезінде ТҮШҚ бөлімімен қоса экологиялық, санитарлық қадағалау стансаларын да қомақты жұмыс күтіп тұр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив