KZ
Өскемен
-2°
переменная облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

Өскеменде тамақтан уланғандардың саны 52-ге жетті, олардың 4-уі балалар

21.04.2013, 18:00 255


Өскемен қаласында той дастарханынан кейін тамақтан уланып, ауруханаға түскендердің саны 52-ге жетті, олардың 4-уі балалар , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 27 адамның уланғаны жайында хабарлаған болатынбыз. Қала әкімінің баспасөз қызметінің соңғы мәліметтері бойынша, жан-жақты тексеруден кейін науқастардың бірінің арақтан уланғаны анықталды. Ішімдік Колхозная көшесінде қолдан сатып алынған.

Өскемен қалалық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Михаил Дерябин тұрғындардан тамақтарды дайындау және сақтау кезінде барлық сақтық шараларын орындауды сұрайды.

Сонымен қатар шаһардың бас санитарлық дәрігері қолдан жасалған ішімдіктерді ішпеуге кеңес береді.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив