KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
443.35 475.54 4.82

Өскемен қаласында «Жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу және клиникасы» атты оқыту семинары өтті

3.04.2013, 18:00 59


7-сәуірде әлемнің барлық елдері Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтеді. Биыл Дүниежүзілік денсаулық күні «Қаныңыздың қауіпсіздігі – көпшілік өмірін құтқарады» ұранымен өткізіледі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазақстанда артериялық гипертонияның өсу үдерісі сақталуда. ҚР Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес 2010 жылы 100 мың адамға шаққанда 913,8 артериалық гипертония ауруы тіркелсе, ал 2011 жылы бұл көрсеткіш 1035,0- ге жеткен.

Осыған байланысты Өскемен қаласында «Жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу және клиникасы» атты оқыту семинары ұйымдастырылды.

Семинарға №1 қалалық аурухананың қызметкерлері, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары, Өскемен медицина колледжінің оқытушылары қатысты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив