KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 2 м/с, ОБ
447.25 485.18 4.96

Абай және Абайдың ақын-шәкірттерінің шығармашылық мұрасын оқыту мәселелері талқыланды

31.03.2015, 18:00 140



30 наурыз күні Семей қаласының Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайында «Абай және Абайдың ақын-шәкірттерінің шығармашылық мұрасын оқыту мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

Семинардың негізгі мақсаты: Абай және Абайдың ақын-шәкірттерінің шығармашылығын мектепте оқытудағы озық әдістемелерді насихаттау.

Семинар Абай қорық-мұражайының директоры, ф.ғ.к., доцент Ж.Әубәкірдің алғы сөзімен ашылды.

Семинар барысында мектеп ұстаздары Абайдың ақын-шәкірттерінің шығармашылық мұрасын оқыту мәселелеріне байланысты Ж.Нұрлыбаева «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармашылығын оқыту тәсілдері» (№16 орта мектеп), А.Бекбосынова «Абайдың ақын-шәкірті У.Шондыбаев» (№38 орта мектеп), А.Айтказина «Мектепте Абайдың ақын-шәкірттерінің шығармаларын оқытуда Қазақстандағы Кембридж тәсілін қолданудың тиімділігі» (№8 орта мектеп), М.Ажгожина «Мағауия Абайұлының шығармаларын мектепте оқыту» (№16 орта мектеп), М.Құсайынова «Абай шығармаларын мектепте оқытудың ерекшеліктері» (№39 орта мектеп), Ж.Рахимбаева «Абай шығармаларын жатқа оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер» (№32 орта мектеп), М.Бейсембаева «Абайдың табиғат лирикасы мектеп бағдарламасында» (№26 орта мектеп), Ш.Советова «Абай және Абайдың ақын-шәкірттерінің шығармашылық мұрасы» (№35 орта мектеп), Г.Карменова «Ә.Тәңірбергенұлының шығармаларын мектепте оқыту» (№3 орта мектеп) тақырыптарында баяндамалар жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара барысында көптеген көкейтесті мәселелер талқыланып, жаңа, тың әдістемелер таныстырылды.

Іс-шара соңында баяндама жасаған ұстаздарға арнайы сертификаттар тапсырылды.

Г.Бейсембинова,
Абай мұражайының ғылыми қызметкері
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив