KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 3 м/с, З
489.36 533.45 4.99

Өскеменде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 21 тұрғын үй салынып жатыр

2.04.2013, 18:00 174


Қазір Өскеменде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша аумағы 105,06 мың шаршы метрді құрайтын 1754 пәтерлік 21 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл үйлердің ішіндегі үшеуі 16, қалғандары 19-ықшам аудандарда орналасқан. Сонымен қатар, биыл 420 пәтерлік 5 тұрғын үйдің құрылысын бастау жоспарда бар. Олардың екеуі жалдамалы, ал қалған үшеуі несиелік негізде салынбақ. Бұл туралы қалалық құрылыс бөлімінің бастығы Бауыржан Құдияров мәлімдеді.

Жалпы, 2013 жылы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 6 миллиард теңге бөлініпті.
Мамандардың айтуынша, облысымызда 2011 жылдан бері баспана құны жылына үш пайызға қымбаттап келеді. Қазір Өскемендегі жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрі 110,3 мың теңгеге бағалануда.

Қала әкімі Серік Тәукебаев басты мақсат – нарықта үйлерге деген сұраныстың болуы қажеттігін айтады.
"Біз баспаналардың сапасы мен уақтылы тапсырылуына ерекше мән береміз. Ең бастысы, салынып біткен үйлер қаңырап бос тұрмауы керек" дейді шаһар басшысы.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив