KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Шығыс Қазақстандағы Глубокое ауданында асыл тұқымды аралар бар

2.04.2013, 18:00 197


Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстандағы Глубокое ауданында 150 омарта, соның ішінде асыл тұқымды аралар өсірілетін алты омарта бар. Шаруашылықта жалпы жиыны 7,5 мың ара ұясы күтімге алынған , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Осы өңірде омарта шаруашылығын дамыту, аралардың тұқымын асылдандыру бағытында біршама жұмыс-тар жүргізіліп жатыр. Бобровка ауылында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында омарта шаруашылығын құру жоспарланған.

Осыған орай ара өсіруге ниет білдірген тұрғындар үшін үш айлық тегін оқыту курсы ұйымдастырылды.
«Селиванов И.М» шаруа қожалығы Быструха ауылында омарта орналас-тырылатын орынға 3 млн. теңгенің құрылыс жұмыстарын жүргізбекші. «Пасека Терещенко-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобалық қуаты 600-ден 1000 тонна балды ыдысқа құйып шығаратын цех және дайын өнімдерді сақтайтын қосымша қойма салуды қолға алды.

Бүгінгі күні «Агрофирма Серов и К» ЖШС жергілікті тұрғындардан 15 тонна бал сатып алып, таяу шетелдерге шығару жолдарын қарастыруда. Алдағы уақытта 100 тоннаға дейін бал өткізуді жоспарлап отыр.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив