KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Сирек кәсіпті үйрене бастады

14.01.2013, 18:00 251


Жарма ауданының Шалабай ауылындағы орта мектепте жас омарташылар үйірмесі ашылды. Бұл жерде оқушылардың омарта шаруашылығы негіздерін үйренуіне қажетті жағдай жасалып, нағыз омарта ұйымдастырылған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Мектеп көтерген игі бастамаға жергілікті «БГП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолдау көрсеткен соң, үйірмені ұйымдастыру аса қиынға түспепті. Биология пәнінің мұғалімі үйірмені ашып, арнайы дәрісті жүргізуге алғашында араның 2 немесе 3 жәшігі де жететінін айтады.

– Кішкентай болса да омартаның аты омарта, оқушылар аралардың еңбек ету үрдісін бақылай отырып жәндіктердің өзінен үлкен сабақ алады. Ара шаруашылығын дамытудың қыр-сырын мектеп қабырғасынан-ақ үйреніп шығады, балалар осы үйірмеден болашақ кәсібін де табуы мүмкін, – дейді үйірме жетекшісі.

Мектеп омартасы жыл он екі ай бойы жұмыс істеп тұрмақ. Балалар қысы-жазы аралардың өмірін зерттей отырып, үйірмеден теориялық білім ала алады. Ал мектептегі еңбек сабағында 7-8 сынып оқушылары аралардың ұяларын жасап, омартаға керек-жарақ дүниелерді өздері дайындайды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив