KZ
Өскемен
+15°
пасмурно жел 2,9 м/с, В
441.66 475.14 4.86

Күршімдік жастар тазалық акциясына шықты

1.04.2013, 18:00 129


Күршім ауданы орталығындағы барлық мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жұмыс істейтін жастар көшеге шығып, тазалық акциясын өткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Олар алдымен қар астынан шыққан қоқыстарды, содан соң Күршім өзені жағалауларын тазалады. Береке-бірлік бар жерде жұмыстың да өнімді болатыны белгілі, аз уақыттың ішінде өзен жағалауы көңілдегідей қалыпқа келтіріліп, тап-таза болып шыға келді.

– Бұл шараның бас-аяғы осы емес, – дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Арайлым Қасымбаева. – Алдағы уақытта жастарды жүйелі түрде тазалық жұмыстарына тартып отыратын боламыз. Аудан орталығының көшелерінде кезекпен тазалық жұмыстары жалғасып, олардың жағдайы арнайы тағайындалған адамдардың жіті назарында болады.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив