KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

Күршімде жаңа стадион салынады

29.05.2012, 18:00 96


Күршім ауданының басшылығы бұрынғы «Күршім» кеңшарының машина-трактор шеберханасының аумағынан жаңа стадион салу туралы шешім қабылдаған еді. Мамыр айының басынан аталған жерде құрылыс жұмыстары қолға алына бастады.

Бұл ауқымды жұмысқа бас инженер В.Осипович бастаған Күршім аудандық телекоммуникация торабының жұмыс-шылары да атсалысуда, жеке кәсіпкерлер де аянып жатқан жоқ.

Ауылдық округтің әкімі Е.Тоқаевтың айтуынша, стадионды абаттандыру жұмыстары санитарлық тазалық екіайлығының соңына дейін аяқталады.

– Жақында аудан орталығының тұрғындары жаңа алаңда футбол ойнап, жеңіл атлетикамен айналыса алады, – дейді Ермұханбет Кәмалбекұлы. – Ал қысқы спорт түрлеріне әуес жандар үшін бұл арада шаңғы жолы салынатын болады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив