KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Семейде әйел жүргізуші 15 минуттың ішінде 3 көлікпен қақтығысқан

31.03.2013, 18:00 192


Семей қаласында әйел жүргізуші 15 минуттың ішінде 3 жол-көлік оқиғасына жол беріп, өзі оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол оқиғасы Шәйжүнісов көшесі бойында ымырт үйіріле орын алған. Toyota Corolla автокөлігін басқарып келе жатқан әйел Audi көлігімен қақтығысып қалады. Оқиға орнынан кетіп қалған ол 15 минут өтер-өтпесте қарсы жолаққа шығып кетіп, Абай мен Шәкерім көшелерінің қиылысында тағы екі көлікпен соғылады.

«Болған оқиғадан қатты шошынған әйел көлігінен шығудан үзілді-кесілді бас тартты» дейді баспасөз қызметінің қызметкері Рыскүл Хасенова.

Осы бақытсыз жағдайдың салдарынан жол қозғалысы бір сағаттай тоқтап қалған. Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ.

Қазір тергеу орындары жол-көлік оқиғасының қалай болғанын тексеріп жатыр, қажетті сараптамалар жасалуда.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив