KZ
Өскемен
+18°
небольшая облачность Штиль
452.92 484.99 5.12

Шығыс Қазақстанда жол оқиғасы орнынан қашып кеткен жүргізушілер іздестіріліп жатыр

20.11.2013, 18:00 188


Шығыс Қазақстанда жол апатына түсіп, оқиға орнынан қашып кеткен екі жүргізуші іздестірілуде, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық әкімшілік полициясының баспасөз ақпаратына сілтеме жасап.

20-қараша күні 19 сағат 20 минут мөлшерінде Өскемен қаласының Тәуелсіздік даңғылында №76 үй маңайында белгісіз автокөлік жүргізушісі жүргіншіні қағып кеткен. Омыртқасы сынып, басынан жарақат алған 19-жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

20 қараша-күні сағат 21 – де Семей қаласының Театральная көшесінде 74 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Қарт әйел он жақ иық сынығыментүсті. Бұл жолы да кінәлі жүргізуші оқиға орнынан ізін жасырған.

Жоғарыда баяндалған оқиғалар жөнінде қандайда ақпарат болатын болса, ШҚО ІІД Әкімшілік полициясы басқармасына 77-70-81, 77-60-05 телефондарына немесе 77-46-76 телефоны арқылы іздеу бөліміне хабарлауларыңызды сұраймыз. Беймәлімділікке кепілдік береміз.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив