KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, Ю
471.83 505.66 5.4

Шығыс Қазақстанда үш адам жол апатында көз жұмды

27.01.2014, 18:00 120



Шемонайха ауданында көлік қағып кеткен жаяу жүргінші ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

Жол-көлік апаты Шемонайха –Усть-Таловка тас жолының 4 шақырымында тіркелді. «Деу-Нексия» шетелдік көлігінің жүргізушісі түнгі 1 сағат 30 минутта жолда кетіп бара жатқан адамды қағып кеткен. Зардап шегуші Шемонайха аудандық ауруханасына жеткізілгенімен, алған жарақаттарынан көз жұмды.

Екі адам мерт болған тағы бір жол-көлік оқиғасы «Семей-Курчатов» тас жолында орын алды. «Тойота-Камри» көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, «ПАЗ» қоғамдық көлігімен бетпе-бет қақтығысқан. Осы бақытсыз оқиғаның салдарынан «Тойота-Камри» көлігінде отырған екі жолаушы оқиға орнында қайтыс болды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив