KZ
Өскемен
-16°
ясно жел 2 м/с, В
494.95 525.49 5.05

Семейдің шет аймақтарына мемлекеттік қоғамдық көліктер қатынайтын болды

29.03.2013, 18:00 153


Семей қаласында қоғамдық көліктердегі жол жүру ақысы 1-сәуірден бастап қайтадан 60 теңгеге көтеріледі. Алайда осы уақытқа дейінгі жеңілдіктер түгелдей өзгеріссіз қалады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл жайында Семей қалалық ТҮКШ бөлімінің бастығы Орынғали Исмайылов мәлім етті.

Қазіргі күнде қала бойынша 57 бағытта 470 қоғамдық көлік қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар халықтың арыз-шағымын ескерген қала әкімі бастамасымен алдағы уақытта қаланың шет аймақтарына мемлекеттік қоғамдық көліктер қатынайтын болды. Бұл қызмет түрлері Қызыл Кордон, Мұрат кенті, Бобровка саяжайлары, Суықбастау сияқты қала орталығынан жырақ орналасқан елді мекеннің тұрғындарына көрсетіледі.

Нәтижесінде жергілікті атқарушы биліктің автобустары жеке меншік қоғамдық көліктермен еркін бәсекеге түсе алатын болады.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу