KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 7 м/с, В
443.16 480.39 4.94

Шығыс Қазақстанда құқық қорғау органдары кәсіпкерлердің мұңдарына құлақ салады

27.03.2013, 18:00 128


Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі мен облыстық прокуратура кәсіпкерлердің Ассоциациясымен бірлесіп 29-наурыз бен 5-сәуәр аралығында облыста «Заң және кәсіпкер» апталығын өткізеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Акцияға облыстағы бизнес-ассоциациялардың, жергілікті атқарушы, бақылаушы, монополияға қарсы және құқықтық органдардың өкілдері шақырылып отыр.

Облыстық прокуратурада түсіндіргендей, акция барысында кәсіпкерлердің құқықтарының сақталу проблемалары қаралады.

Апталық жұмысына қатысушы кәсіпкерлерге бақылаушы-қадағалаушы органдардың мамандарымен, облыстағы даму институттарының өкілдерімен кездесіп, өздерін толғандырып жүрген сауалдарға жауап алуға мүмкіндік беріледі.

Сонымен қатар кәсіпкерлердің алдында облыс әкімі Б.Сапарбаев, облыс прокуроры Б.Тайымбетов сөз сөйлейді.

Акция шеңберінде Өскемендегі ірі сауда орындарында облыстық прокуратура қызметкерлері кәсіпкерлердің құқықтарының аяққа тапталғаны туралы арыз-шағымдарын тыңдайды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив