Қара Ертіс өзенінің деңгейі тәулік бойы бақылауда
Шығыс Қазақстанда су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Боран ауылында су тасқынының алдын алу шаралары жалғасуда. Бір тәулік ішінде 300 қап инертті материалдар төселіп, ұзындығы 190 метр және биіктігі 1-1,5 метр болатын қорғаныш үйіндісі жасалды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Қара Ертіс өзенінің деңгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.
Оқи отырыңыз