KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 4,8 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Шығыс Қазақстандағы «Багратион» шипажайында жеңілдікпен емделуге болады

26.03.2013, 18:00 121


Ұлан ауданындағы Воропайлар әулеті басқаратын шаруа қожалықтарының иелігіндегі «Багратион» шипажайына емделуге келушілер саны жылдан-жылға ұлғайып келеді. Шипажай бір ауысымда елу адамға дейін қабылдап, қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Шипажайда жүрек қан тамырлары, қан айналымы, жүктілік, аллергия жүйелері сыр берген науқастарды және басқа да ауруларды емдейді. Емдеу кезінде фитобөшке, панты ваннасы, панты қосылған дәрі қолданы-
лады. Жазғы маусымда дема-лушыларға төрт мезгіл тағамдармен қоса қымыз, шұбат беріледі. Шипажай бір ауысымда елу адамға дейін қабылдап, қызмет көрсетеді. Шаруашылық басшылығы өз жұмысшыларына қамқорлық көрсетіп, емделу кезінде жеңілдіктер белгілеген.

Бұл күндері шаруа қожалығы 600-ден астам марал, 300-ге жуық қозықа өсіріп отыр. Мүйіз кесу науқанынан кейін білікті мамандар шипажайға қажетті дәрілік шикізаттармен қамтамасыз етіледі. Мұнда кептірілген марал мүйізінің қанынан биогем, ал панты мен бал қосындысынан шипалы емдік қасиеті бар дәрі жасалады. Емделу кезінде қолданылатын дәрі-дәрмектерді толықтай шаруа қожалығы дайындайды.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив