ШҚО ТЖД мамандары жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін де ескерусіз қалдырмайды. Соның айғағындай олар Шығыс Қазақстан облыстық балалар ауылында болып, екі мекеме арасында ынтымақтастық орнату жайлы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Төтеншеліктердің айтуынша, олар меморандум аясында балалар мен жасөспірімдер арасында өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығын насихаттап, тәрбиеленушілерді болашақта төтенше жағдайлар жүйесіне қызметке шақыру бағытында жұмыстар жүргізбек. Балғындардың төтенше жағдайлар саласындағы білімдерін жетілдіріп, мамандықтын қыр-сырына үйрететін болады.
Сонымен қатар ШҚО ТЖД қызметкерлері Өскемен қаласының сәбилер үйінде де болып, олардың мерекелік шараларына белсене қатысты.