KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Шығыс Қазақстан облысы аумағында «Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік» атты республикалық акция өтіп жатыр

13.03.2013, 18:00 122


Шығыс Қазақстан облысы аумағында «Жасөспірім – Заң – Қауіпсіздік» атты республикалық акция өтіп жатыр.Оның шеңберінде «Ашық есік күнін» өткізу жоспарланған , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп.

Акцияның мақсаты кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Акция жұмыстарына ішкі істер органдарының 545 қызметкері мен білім беру органдарының 191өкілі жұмылдырылған. Бұл мамандар мектеп пен колледж оқушыларының отбасылық жағдайларымен танысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Акция барысында бірқатар оқу орындары тексерілді. Тексерілген колледж оқушыларының жалпы саны 1137, оның ішінде есепте тұрғандар 48 және қолайсыз отбасыларда тәрбиеленетін оқушылар саны 70, 105 жалпы білім беру мекемелерінде оқитын (мектептер, лицейлер) 4099 оқушы тексерілді, оның ішінде есепте тұрғандар саны 220 және қолайсыз отбасыларда тәрбиеленетіні - 212.

Шара барысында оқушылар үшін құқық қорғау орындары мен ІІД мұражайына арнайы экскурсия ұйымдастырылмақ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив