KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 3 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

Университет ректоры ардагерлерді төс белгілерімен марапаттады

24.02.2013, 18:00 210


Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Әлібек Өсербайұлы Қуандықов ардагерлермен кездесіп, оларды «Университет мақтанышы», «Ерекше» төс белгілерімен марапаттады, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Шығыстағы білімнің қара шаңырағында ақ дастархан жайылып, қарттарымызға арнайы шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Бұл игі іс-шараны ұйымдастыру арқылы университет басшысы жастардың ақ шашты ардагерлердің өмірін үлгіге айналдыра отырып, ол кісілердің ел үшін атқарған еңбектерін ешқашан ұмытпайтындарын дәлелдеп бергендей болды.

Ұзақ жылдар бойы ел ертеңі үшін аянбай- талмай еңбек еткен ардагер ата- әжелеріміз қандай сыйға болса да лайықты. Университет ректоры Әлібек Өсербайұлы ардагер азаматтарымызға арнайы төс белгісін тақты.

Атап айсақ, Жасталап Қажым, Марат Түсіпханұлы Мағзумов, Василий Петрович Русанов «Университет мақтанышы» төс белгісімен , ал Оразбек Демесінұлы Апышев, Тоқтар Әнекейұлы Балғауов, Нәзигүл Қожахметқызы Сағымбаева, Ахмет Жанғараұлы, Советхан Қабдолұлы Игибаев, Паскаль Рахымжанов, Ольга Георгивна Шафир «Ерекше» төс белгілерімен марапатталды.

Жиын соңында ардагерлер өздерінің ыстық ықыластар мен ізгі ниеттерін білдіріп, алғыстарын айтты.

Ажар Сағатпекова,

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив