KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 1 м/с, С
476.27 515.47 5.41

Өскемен қаласында Солтүстік-шығыс аймағы бойынша қаржы полициясы органдарының қызметкерлері арасында самбо жарыстарынан іріктеу кезеңі басталды

4.03.2013, 18:00 213


4-5 наурыз аралығында Өскемен қаласында Солтүстік-шығыс аймағы бойынша қаржы полициясы органдарының қызметкерлері арасында самбо бойынша жарыстарының іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өскемен қаласында Солтүстік-шығыс аймағы бойынша қаржы полициясы органдарының қызметкерлері арасында самбо жарыстарынан іріктеу кезеңі басталды
Өскемен қаласында Солтүстік-шығыс аймағы бойынша қаржы полициясы органдарының қызметкерлері арасында самбо жарыстарынан іріктеу кезеңі басталды
Өскемен қаласында Солтүстік-шығыс аймағы бойынша қаржы полициясы органдарының қызметкерлері арасында самбо жарыстарынан іріктеу кезеңі басталдыЖарыс Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2050» атты Қазақстан халқына жолдауының «Ұлт денсаулығы – болашағымыздың негізі» бағытын жүзеге асыру шеңберінде, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, қаржы полициясы органдарының жағымды имиджін көтеру, қызметкерлердің денешынықтыру дайындығын арттыру мақсатында өтті.

Сайысқа Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша қаржы полициясы департаменттерінің командалары қатысты.
Спорттық доданы құттықтау сөзбен ашқан Шығыс Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің бастығы қаржы полициясының полковнигі Б.Камалханұлы қатысушыларға сәттілік пен тартысты ойын тіледі.
Қостанай облысы бойынша қаржы полициясы департаменттің спортшылары тамаша ойын көрсетті.

Осы ведомствоның қызметкерлері – Қабденов Бахтияр, Қоғабаев Дидар, Мұратов Азамат, Ермағамбетов Нұржан түрлі салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанды.

ШҚО бойынша ЭСЖКД қызметкерлері 82 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Атаев Мәди, 100 кг-нан жоғары салмақта Оралбеков Олжас, СҚО бойынша ЭСЖКД офицерлері Жұмажанов Ерлан 68 кг, 100 кг салмақ дәрежесінде Жантілеев Роман 1 орынға ие болды.

Командалық біріншілікте Қостанай облысы бойынша қаржы полициясының бойынша департаменттің қызметкерлері бірінші орынға, екінші орынға ШҚО бойынша қаржы полициясының қызметкерлері, ал үшінші орынға СҚО бойынша Департаменттің қызметкерлері ие болды.

Барлық жүлдегерлер дипломдармен, естелік сыйлықтармен және кубоктармен марапатталды.

Бірінші орын алған Қостанай облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің командасы самбо бойынша ағымдағы жылғы 14 -17 наурыз аралығында Астана қаласында өтетін республикалық турнирге қатысатын болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив