KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Облыстың қаржыгерлері волейболдан өткен республикалық жарыстардан олжалы оралды

8.04.2013, 18:00 191


Шығыс Қазақстан облыстық қаржы полициясы департаментінің командасы волейболдан өткен республикалық жарыстардан олжалы оралды. , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтық іріктеу турнирлерінің қорытындысы бойынша ақтық айналымға Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының және Қаржы полициясы агенттігінің командалары шыққан болатын.

Тартысты өткен жарыстарда Шығыстың қаржыгерлері жүлделі екінші орынды еншіледі.

Департаменттің офицерлері С.Сағидолдин, К. Байханов и Д.Түсіпов Қаржы полициясы агенттігінің құрама командасында өнер көрсетеді.

«Үздік ойыншы» титулына департамент қызметкері, қаржы полициясының аға лейтенанты Серік Сағидолдин лайық деп табылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив