KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Шығыс Қазақстан облысының қаржы полицейлері самбодан республикалық жарыстың іріктеу кезеңінде екінші орынды еншіледі

12.03.2013, 18:00 214


Өскеменде еліміздің солтүстік-шығыс аймағы бойынша қаржы полициясы органдарының қызметкерлері арасында самбодан республикалық жарыстың іріктеу кезеңі болып өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Екі күнге созылған спорттық шараға Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары қаржы полициясы департаменттерінің командалары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Қостанай облысының қаржы полицейлерін алға жіберген жерлестеріміз екінші орынды місе тұтты. Үздік үштікті Солтүстік Қазақстан командасы қорытындылады.

Топ жарған команда енді 14-17 наурыз аралығында Астана қаласында өтетін республикалық турнирге қатыспақ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив