KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Тасқынға дайындық Үржар ауданында жүргізіліп жатыр

2.03.2013, 18:00 199


Үржар ауданында көктемгі қар суына қарсы дайындық шаралары ұйымдастырылып, оның алдын алу мақсатында арнайы штаб құрылып, жұмыс істеуде. Әсіресе, өңірдегі екі көл, екі су қоймасы мен үлкенді-кішілі 22 өзеннің жағдайы қатаң бақылауға алынған.

Биыл Үржар аумағында қардың қалыңдығы 2-3 метрге дейін жетіп отыр. Тау бөктеріндегі ауылдарда қардың түсуі тіптен мол. Әрине, бұл жағдай бейқамдықты, әрекетсіздікті көтермейтіні анық. Сондықтан барлық елді мекендерде қар суына қарсы дайындық қолға алынған. Күн жылынып кетпей тұрғанда тұрғын үйлердің аулаларындағы, көшелердегі қар сыртқа шығарылуда.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив