KZ
Өскемен
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Қауіп жоқ деп қамсыз отыруға болмайды (+сурет)

2.04.2013, 18:00 165


Үржар ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарымен танысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жергілікті басшыларға тау басына ерінбей атпен шығып, нақты жағдайдан хабардар болып отыруды тапсырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыс әкімі алдымен Таскескен ауылынан үш шақырым жерде орналасқан Қарақол су қоймасының қазіргі жағдайымен танысты.

«Қазсушар» РМК-ның Үржар учаскесіндегі бұл су қоймасы байланыс жүйесімен қамтамасыз етіліп, судың деңгейін тәуліктік қадағалауға кезекшілік ұйымдастырылыпты. Бүгінгі күні су транзиттік режимде ағып жатыр, судың кірісі секундына 2 текше метр болса, шығысы да осындай. Яғни, қар суынан айтарлықтай қауіп төніп тұрған жоқ.
Қауіп жоқ деп қамсыз   отыруға болмайды  (+сурет)
Қауіп жоқ деп қамсыз   отыруға болмайды  (+сурет)
Қауіп жоқ деп қамсыз   отыруға болмайды  (+сурет)
Қауіп жоқ деп қамсыз   отыруға болмайды  (+сурет)
Аймақ басшысы осында жиналған тиісті облыстық ведомстволар басшыларына және олардың аудандық деңгейдегі құрылымдарына қардың еруі мен су деңгейінің көтерілуіне нақты сараптама жасап отыруды тапсырды.

"Сіздер қардың еруіне байланысты үнемі сараптама жасап отыруларыңыз қажет. Әрі қолдарыңызда былтырғы дәл осы уақыттағы жағдаймен салыстырылған нақты мониторинг болу керек. Қандай шаралар қолға алыну қажеттілігі де осы бастан ойластырылуы тиіс. Ертең күн күрт жылынып, тау басынан мол су келіп қалса, не істеу керектігін білуіміз керек. Таудың басына ерінбей атпен шыға отырып, нақты жағдайдан хабардар болып отырған жөн" деді облыс басшысы Бердібек Сапарбаев.

Таскескен ауылының ортасынан ағып өтетін Қарақол өзенінің арнасын 800 метрге кеңейту және жағасын бекітіп, биіктету жұмыстары басталған. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 7,4 млн. теңге бөлініпті. Қолға алынған шаруаларды көрген облыс басшысы өзеннің арнасын тереңдетіп, түзету барысында алынған ағаштарды өзеннің жағалауын бекіту жұмыстарына пайдалануды тапсырды. Бұл ретте халықтық тәсіл ретінде Көкпекті ауданының тәжірибесін қолданған дұрыстығын жеткізді. Жұмыстар таудың суы келгенше бітуі қажет. Бұл жұмысқа ауыл адамдарын да жұмылдырған жөн. Өңір басшысының айтуынша, арнайы қаржы бөлініп, жасалған бөгеттер кемі он жылға дейін шыдас беруі тиіс.

Егінсу су қоймасы да – аудандағы ең ірі стратегиялық нысанның бірі. Бұл су қоймасы да байланыспен және электр жүйесімен қамтамасыз етілген. Кезекшілік ұйымдастырылып, судың деңгейі тәулік бойы қадағаланып отырылады.

Су қоймаларының жағдайымен танысқан облыс әкімі тасқынға дайындық шаралары кешенді түрде жүруі керектігін атап, барлық тиісті қызметтер мен ауданның әр тұрғыны ортақ іске өз үлестерін қосуы керектігін ескертті. Ең бастысы, 2009–2010 жылдардағы көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралардағы тәжірибелер ескерілуі керек.

Дәурен Аллабергенұлы
Сурет С.Суровтікі

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив