KZ
Өскемен
+29°
ясно жел 3 м/с, З
467.29 501.03 5.35

«Ауғанстан – жазылмас жара»

1.03.2013, 18:00 117


Ұлан ауданының Герасимовка орта мектебінде ауған соғысы аяқталуының 24 жылдығына арналып «Ауғанстан – жазылмас жара» және «Елім деп асқақтаған ұлан бар ма?» тақырыптарында кеш өткізілді.

Ауған соғысының ардагері, Герасимовка ауылының тұрғыны Н.Мұхамадиев, Жаңа Ахмер кентіндегі №27943 әскери бөлімінің офицерлері М.Сәулебеков, О.Баратов, сондай-ақ, Т.Тоқтаров ауыл-дық округінің учаскелік инспекторы Е.Әкетбаев арнайы шақырылған кеш мектеп тәрбие ісінің меңгерушісі Ж.Асанова мен кітапханашы М.Уәсілованың ұйымдастыруымен өте тағлымды болып өтті.

Келген қонақтарға оқушылар өз өнерлерін көрсетті, көптеген сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды. Ал тағлымды кеш соңында мектеп директоры Д.Маушанов қонақтарға алғысын білдіріп, сыйлықтар табыстады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив