KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 0,8 м/с, Ю
452.92 484.99 5.12

Тәрбиелік мәні зор сабақ

5.03.2012, 18:00 236


Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 23 жыл толуына орай облысымызда алуан түрлі шаралардың өткізіліп жатқаны белгілі.

Ұлан ауылының С.Аманжолов атындағы орта мектебінде оқушылардың патриоттық сезімдерін шыңдау бағытында «Ерлік – тәрбие жемісі» атты жоғарғы сынып оқушылары арасында ашық сабақ өтті.
Тәрбиелік мәні зор сабақты ұйымдастыру барысында взвод командирі М.Қуанышбаев оқушыларды сапқа тұрғызып, әскери тәртіпке сәйкес рапорт берді. Тарих пәні мұғалімі Е.Қайкенов алапат соғыс жайында баяндап, интернационалистік борышын өтеген азаматтар жайында айтып өтті. Оқушылар да Ауған соғысы төңірегіндегі өз ой-пікірлерін ортаға салып, көкейлерінде жүрген көптеген сауалдарға тұщымды жауаптар алды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив