KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Ауыл жұртын серпілткен "Сағындырған әндер-ай"

24.02.2013, 18:00 219


Егінсу ауылдық округінің Ұлан ауылдық клубында аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары «Сағындырған әндер-ай» атты концерт қойды.

Әдемі кеште Қазақстан композиторларының өткен ғасырдың 70-80-жылдары жазылған небір ретро-әндері қалықтады. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын ауылдықтар лық толған залды облысқа белгілі әншілер Гуля Қасенова, Мария Қалиева, А.Смағұлов және басқа да өнерпаздар ерекше шуаққа бөледі.
Көпшіліктің көңілін бір көтеріп тастаған концерт-кештің соңында ауылдық округтің әкімі Б.Асқабылов өнерпаздарға көрермендер атынан алғыс айтып, шығармашылық шабыт тіледі.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив