KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
444.14 477.05 4.85

Әлемдік стандарттарға сай кеңестік-диагностикалық емхана Семейде ашылды

23.02.2013, 18:00 98


Семейде «Invintro» әлемдік стандарттарға сай жаңа кеңестік-диагностикалық емхана ашылды. Жаңадан іске қосылған емдеу орынында кез-келген сырқаттың нақты себептерін анықтайтын заманауи құрал-жабдықтар орнатылған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл жайында тілшімізге Семей қаласының ішкі саясат бөлімінде хабарлады.

Емдеу мекемесінде медициналық сараптаманың барлық түрлері жасалады. Аурудың алдын алу мен емдеу мақсатында емханаға келушілердің денсаулығы жаңа қондырғылар арқылы жіті тексеріледі.

Емхананың ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі А.Кәрімов жүйке жүйесі ауруы мен инсультке ұшырағандарды оңалту үшін тірек қимыл жүйесін қалпына келтіруге арналған заманауи жабдықтардың жұмысымен танысты.

Денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Ғалия Жуаспаеваның айтуынша, аталмыш емханада орнатылған медициналық жабдықтардың көбі Қазақстанда кездеспейді. Сол себепті қалалық әкімшілік халыққа тегін медициналық қызмет көрсету үшін мемлекеттік тапсырысты бөлу мәселесін қарастырмақ ниетте. Сондай-ақ, қала әкімі өзге өңірлерден келетіндерге арнайы жататын орын қарастыру қажеттігін де айтты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив