KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 2 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Студенттер мемлекетке 12 миллиард теңге қарыз

21.02.2013, 18:00 122


«Қаржы орталығы» АҚ сот орындары арқылы 1999-2005 жылдары мемлекет есебінен берілген қарыздарды қайтарып жатыр. Кезінде білім алу үшін 60 мың студентке несие берілген. Бұлардың тең жартысы әлі күнге борыштарын қайтармапты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталған бағдарламаны іске асыруға бюджеттен 15 миллиард теңге бөлініпті, мұның 1 миллиарды инфляцияны жабуға кеткен. Ал қалған сома шәкіртақы ретінде және оқу ақысын төлеу мақсатында берілген.

Бұл қарызды студенттер оқу бітірген соң, 2004 жылдан бастап шәкіртақыны 10 жыл, оқу ақысын 15 жыл көлемінде, әр жыл сайын ең кемі екі рет бөліп төлеуі тиіс болатын.

Бүгінде бюджетке шамамен 2,9 миллиард теңге қайтарылған, мұның ішінде 22 мың адам борыштарын әлі төлеп жүрсе, 5 мыңы алған ақшаларын түгелдей өтеп тастаған.

Несиені қасақана қайтарғысы келмеген қалған борышкерлерге қатысты мәселелер сот органдарына жолданған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив